2026 жылы 1 млрд доллар касса жинаған алғашқы фильм белгілі болды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
1 млрд доллар касса жинаған алғашқы фильм белгілі болды
1 млрд доллар касса жинаған алғашқы фильм/ фото: мультфильмнен кадр

Illumination, Nintendo және Universal студиялары бірлесіп шығарған «Супер Марио: Галактикалық кино» анимациялық фильмі 2026 жылғы әлемдік прокатта кассалық табысы 1 млрд доллардан асқан алғашқы туынды атанды.

Variety жазуынша, фильм прокаттың оныншы аптасында осындай нәтижеге жетті. Жобаның бюджеті шамамен 110 млн долларды құрады. Осындай қомақты табыс аясында мультфильм жылдың ең табысты релиздерінің біріне айналып отыр.

Жаңа туынды жарыққа шыққаннан кейін, Супер Марио туралы жобалардың жалпы кассалық табысы 2 млрд доллардан асты.

БАҚ мәліметтері бойынша, франшиза кассалық табыс көлемі жөнінен тоғызыншы орынға тұрақтап, әлемдегі ең ірі он анимациялық серияның қатарына енді.

Айта кетейік, «Супер Марио: Галактикалық кино» Nintendo  компаниясының  Mario бейнеойындар сериясына, атап айтқанда Super Mario Galaxy (2007) ойынына негізделген америкалық толықметражды комедиялық-шытырман фильмі.

«Ағайынды Супер Марио кинода» (2023) мультфильмінің жалғасы, режиссерлері Аарон Хорват пен Майкл Еленик Мэттью Фогельдің сценарийі бойынша түсірген.

Бұған дейін «Prada киген әзәзіл 2» фильмі прокаттың алғашқы аптасында 233,6 млн доллар жинап рекорд орнатқанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз