2026 жылы 1 млрд доллар касса жинаған алғашқы фильм белгілі болды

Illumination, Nintendo және Universal студиялары бірлесіп шығарған «Супер Марио: Галактикалық кино» анимациялық фильмі 2026 жылғы әлемдік прокатта кассалық жиналымы 1 млрд доллардан асқан алғашқы туынды атанды.
Variety жазуынша, фильм бұл нәтижеге прокаттың оныншы аптасында қол жеткізді. Жобаның бюджеті шамамен 110 миллион долларды құрады. Осындай қомақты табыс аясында бұл мультфильм жылдың ең табысты релиздерінің біріне айналып отыр.
Жаңа туынды жарыққа шыққаннан кейін, Супер Марио туралы жобалардың жалпы кассалық жиналымы 2 млрд доллардан асты.
БАҚ мәліметтері бойынша, франшиза кассалық жиналым көлемі жөнінен тоғызыншы орынға тұрақтап, әлемдегі ең ірі он анимациялық серияның қатарына енді.
Айта кетейік, «Супер Марио: Галактикалық кино» Nintendo компаниясының Mario бейнеойындар сериясына, атап айтқанда Super Mario Galaxy (2007) ойынына негізделген америкалық толықметражды комедиялық-шытырман фильмі.
«Ағайынды Супер Марио кинода» (2023) мультфильмінің жалғасы, режиссерлері Аарон Хорват пен Майкл Еленик Мэттью Фогельдің сценарийі бойынша түсірген.
Бұған дейін «Prada киген әзәзіл 2» фильмі прокаттың алғашқы аптасында 233,6 млн доллар жинап рекорд орнатқанын жазған едік.