Жанар Дұғалова жеке концерт беретінін мәлімдеді

Жарияланды 9 Маусым 2026 15:06

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Қазақстандық танымал әнші, Turkvizyon халықаралық байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова тыңдармандары үшін үлкен тосынсый дайындап жатыр. Өнер иесі жақын арада өзінің жеке концертін өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Бұл туралы әнші «Beu Fest» музыкалық фестивалінен кейін «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Жанардың сөзінше, бұл шешімді қабылдауға оның адал тыңдармандарының толассыз өтініштері түрткі болған.

«Маған оқырмандар мен жанкүйерлерім күн сайын жазып, хабарласып, жеке концерт өткізуімді сұрайды. Сұраныс өте көп. Сондықтан, иә, Құдай қаласа, күтіңіздер!» – деді Жанар Дұғалова.

Жанар Дұғалова өзінің ерекше дауыс тембрімен, авторлық әндерімен және сапалы туындыларымен көрермен жүрегінен орын алған әртіс. Жақында әнші КешYOU тобының 20 жылдық мерейтойында өнер көрсетіп, сағынған халықты тәнті еткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз