Лионель Месси Әлем чемпионатының алғашқы ойынында үш бірдей гол соқты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Первый гол Лионеля Месси на Кубке мира-2026 не засчитали из-за офсайда
Месси хет-трик салды / фото: FIFA

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы туры шабуылшылардың бәсекесіне ұласты. Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандтың дубльдерінен кейін алаңға футбол королі Лионель Месси шықты. Жарыстың басты фавориті Аргентина құрамасы Алжирді 3:0 есебімен тас-талқан етіп, матчтың барлық голын Месси өз еншісіне жазды.

Кездесудің басында-ақ алжирліктер белсенділік танытты. Тіпті 8-минутта Чаиби Аргентина қақпасына гол соққанымен, VAR жүйесі оның офсайдта қалғанын анықтап, голды есепке алмады. 17минутта Родриго Де Паульдың тамаша пасын сәтті қорытындылаған Лионель Месси есепті ашты 1:0.

Капитанның бенефисі: Хет-трик

Екінші таймда Аргентина құрамасы басымдықты толықтай өз бақылауына алды. Бапкер алаңға Х. Альварес пен Н. Гонсалесті шығарып, шабуылды күшейтті. Бұл тактика Мессидің көсіле шабуылдауына жағдай жасады:

60-минутта Алжир қорғанысының қателігін пайдаланған Месси есепті еселей түсті 2:0. 76минутта Гонсалестің берген пасын Лео Месси қақпаға дәл бағыттап, бұл кездесудегі үшінші голын соқты және хеттрик авторы атанды 3:0.

Ойын тағдыры шешілгеннен кейін, 80-минутта Лионель Месси қошеметпен демалуға кетті, орнына алаңға Николась Пас шықты.

FIFA рейтингінің көшбасшысы Аргентина турнирді сенімді жеңіспен бастады. Ал Лео Месси 1-турдың өзінде-ақ үш гол соғып, сұрмергендер жарысында көш бастады.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі ойындарда Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холанд екі голдан салған еді.

Сондай-ақ оқыңыз