Лионель Месси Әлем чемпионатының алғашқы ойынында үш бірдей гол соқты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Первый гол Лионеля Месси на Кубке мира-2026 не засчитали из-за офсайда
Месси хет-трик салды / фото: FIFA

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы турында танымал шабуылшылар өзара бәсекеге түскендей болды. Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандтың дубльдерінен кейін алаңға футбол королі Лионель Месси шықты. Жарыстың басты фавориті Аргентина құрамасы Алжирді 3:0 есебімен тас-талқан етіп, матчтың барлық голын Мессиге тиесілі болды.

Кездесудің басында-ақ алжирліктер белсенділік танытты. Тіпті 8-минутта Чаиби Аргентина қақпасына гол соққанымен, VAR жүйесі оның офсайдта қалғанын анықтап, голды есепке алмады. 17минутта Родриго Де Паульдың тамаша пасын сәтті қорытындылаған Лионель Месси есепті ашты 1:0.

Капитанның бенефисі: Хет-трик

Екінші таймда Аргентина құрамасы басымдықты толықтай өз бақылауына алды. Бапкер алаңға Х. Альварес пен Н. Гонсалесті шығарып, шабуылды күшейтті. Бұл тактика Мессидің көсіле шабуылдауына жағдай жасады:

60-минутта Алжир қорғанысының қателігін пайдаланған Месси есепті еселей түсті 2:0. 76минутта Гонсалестің берген пасын Лео Месси қақпаға дәл бағыттап, бұл кездесудегі үшінші голын соқты және хеттрик авторы атанды 3:0.

Ойын тағдыры шешілгеннен кейін, 80-минутта Лионель Месси қошеметпен демалуға кетті, орнына алаңға Николась Пас шықты.

FIFA рейтингінің көшбасшысы Аргентина турнирді сенімді жеңіспен бастады. Ал Лео Месси 1-турдың өзінде-ақ үш гол соғып, сұрмергендер жарысында көш бастады.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі ойындарда Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холанд екі голдан салған еді.

Сондай-ақ оқыңыз