
Таиландта жоғалып кеткен Кисло-Сладкий лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Дархан Жұмабекке қатысты тың дерек шықты.
Кәсіпкер Салауат Instagram парақшасында Дарханның қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатқанын хабарлады.
«Хабар келген бойда Парасат екеуміз жетіп келдік. Керек-жарақтарының бәрін беріп жібердік. Не болып жатқанын білмеймін. Бізді әлі кіргізген жоқ», – деді кәсіпкер.
Оның айтуынша, рэпер тағы бір тәулік ем қабылдап, жағдайы жақсарған соң өзі тікелей эфирге шығып, болған оқиғаның мән-жайы туралы айтып бермек.
«Іздеген, алаңдаған және көмектескен барша адамға рақмет. Ең бастысы – Дархан табылды және қауіпсіз жерде. Адам болған соң түрлі жағдай болады, маңыздысы – бәрі жақсы аяқталды», – деді Салауат.
Әнші Бақыт Тұрман Таиландта жоғалған рэпер туралы сыни пікір қалдырды.
«Ешқандай да жанашырлықты сұранбаңдар немене әрбір шеккен, ішкен ауруларға жанашырлық танытып, халықты алдағылары келеді. Тайландқа шегу үшін бармаса, басқа не үшін барады дейсің, осы ащы шындық!» – деп жазды әнші.
Айта кететін жайт, Таиландта қазақстандық туристер отырған катер жарылып, өртеніп кеткен болатын.