Тоқаев «Халық кеңесі туралы» жарлыққа қол қойды
Жарияланды

Президент «Қазақстан Халық кеңесінің кейбір мәселелері туралы» жарлыққа қол қойды.
Заңға сәйкес, Қазақстан Халық кеңесі – Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган.
Қазақстан Халық Кеңесі мынадай міндеттерді іске асырады:
- мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша жалпыұлттық диалогты ұйымдастырады;
- қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайтады;
- Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетеді.
Халық кеңесі Құрылтайға заң жобаларын енгізеді; жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеруге құқылы.
Халық кеңесі төрағасы Қазақстан Халық кеңесінің сессиясында 4 жыл мерзімге сайланады. Бір адам екі реттен артық төраға болып сайлана алмайды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық және әкімшілік істерге рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.