Тоқаев «Халық кеңесі туралы» жарлыққа қол қойды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Тоқаев заңға қол қойды / Фото: Ақорда, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Президент «Қазақстан Халық кеңесінің кейбір мәселелері туралы» жарлыққа қол қойды.

Заңға сәйкес, Қазақстан Халық кеңесі – Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган.

Қазақстан Халық Кеңесі мынадай міндеттерді іске асырады:

  • мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша жалпыұлттық диалогты ұйымдастырады;
  • қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайтады;
  • Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетеді.

Халық кеңесі Құрылтайға заң жобаларын енгізеді; жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеруге құқылы.

Халық кеңесі төрағасы Қазақстан Халық кеңесінің сессиясында 4 жыл мерзімге сайланады. Бір адам екі реттен артық төраға болып сайлана алмайды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық және әкімшілік істерге рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз