Қай облыстарда шілде айында құрғақшылық күтіледі
Жарияланды

Шілде айында Қазақстанның қай өңірлері құрғақшылыққа тап болуы мүмкін екенін «Қазгидромет» жария етті.
Түпкілікті болжамға сәйкес, бірқалыпты құрғақшылық мына аймақтарда күтіледі:
- Абай облысында – Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аудандары;
- Алматы облысында – Балқаш, Іле және Жамбыл аудандары;
- Жетісу облысында – Қаратал, Алакөл және Панфилов аудандары;
- Жамбыл облысында – Мойынқұм, Қордай, Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандары;
- Түркістан облысында – Түркістан қаласы, Арыс, Қазығұрт, Ордабасы, Жетісай аудандары;
- Қызылорда облысында – Қызылорда қаласы, Қазалы, Қармақшы аудандары;
- Павлодар облысында – Ертіс, Успен, Шарбақты, Май және Баянауыл аудандары;
- Қарағанды облысында – Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандары;
- Шығыс Қазақстан облысында – Шемонаиха, Күршім және Тарбағатай аудандары.
Бірқалыпты ылғалды жағдайлар мына аймақтарда болжанады:
- Солтүстік Қазақстан облысында – Жамбыл және Тимирязев аудандары;
- Қостанай облысында – Ұзынкөл, Қарабалық, Бейімбет Майлин, Жітіқара және Қамысты аудандары;
- Ақтөбе облысында – Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандары.
Шілде айында Ақтөбе қаласында, сондай-ақ осы өңірдің Ойыл және Хромтау аудандарының кейбір жерлерінде өте ылғалды болады.
Синоптиктер Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында ылғалдылық жағдайын нормаға жуық деп болжайды.