Қай облыстарда шілде айында құрғақшылық күтіледі

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қай облыстарда шілде айында құрғақшылық күтіледі / Фото: Shutterstock

Шілде айында Қазақстанның қай өңірлері құрғақшылыққа тап болуы мүмкін екенін «Қазгидромет» жария етті.

Түпкілікті болжамға сәйкес, бірқалыпты құрғақшылық мына аймақтарда күтіледі:

  • Абай облысында – Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аудандары;
  • Алматы облысында – Балқаш, Іле және Жамбыл аудандары;
  • Жетісу облысында – Қаратал, Алакөл және Панфилов аудандары;
  • Жамбыл облысында – Мойынқұм, Қордай, Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандары;
  • Түркістан облысында – Түркістан қаласы, Арыс, Қазығұрт, Ордабасы, Жетісай аудандары;
  • Қызылорда облысында – Қызылорда қаласы, Қазалы, Қармақшы аудандары;
  • Павлодар облысында – Ертіс, Успен, Шарбақты, Май және Баянауыл аудандары;
  • Қарағанды облысында – Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандары;
  • Шығыс Қазақстан облысында – Шемонаиха, Күршім және Тарбағатай аудандары.

Бірқалыпты ылғалды жағдайлар мына аймақтарда болжанады:

  • Солтүстік Қазақстан облысында – Жамбыл және Тимирязев аудандары;
  • Қостанай облысында – Ұзынкөл, Қарабалық, Бейімбет Майлин, Жітіқара және Қамысты аудандары;
  • Ақтөбе облысында – Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандары.

Шілде айында Ақтөбе қаласында, сондай-ақ осы өңірдің Ойыл және Хромтау аудандарының кейбір жерлерінде өте ылғалды болады.

Синоптиктер Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында ылғалдылық жағдайын нормаға жуық деп болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз