2026 жылы банк карталары арқылы 73,5 трлн теңге төлем жасалды

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 73,5 трлн теңгеге жетті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 462,1 млрд теңгеге көп.
Дегенмен соңғы жылдағы өсім қарқыны небәрі 3,9%-ды құрап, айтарлықтай баяулаған.
Банк карталары айналымындағы қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 87,6%-ға тұрақтап, қалған 12,4%-ы ғана қолма-қол ақша алуға тиесілі болып отыр. Ал 2016 жылы қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі небәрі 12,5%-ды құраған.
Бүгінде банк карталары арқылы жасалатын он операцияның тоғызына жуығы қолма-қол ақшаны алмай-ақ жүзеге асырылады.
Өңірдегі көрсеткіштер қандай?
Төлемдердің басым бөлігі әлі де ірі қалаларда шоғырланған:
- Алматы – 37,2 трлн теңге (елдегі жалпы көлемнің жартысынан астамы);
- Астана – 6,6 трлн теңге;
- Шымкент – 4,6 трлн теңге.
Карта айналымындағы қолма-қол ақшасыз төлем үлесі бойынша Алматы облысы (92,3%) көш бастап тұр. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында (74%) тіркелді.
QR қарқын алып келеді
Интернет пен мобильді қосымшалар 78,9% үлеспен (58,4 трлн теңге) негізгі есеп айырысу құралы болып қала береді. Дегенмен, нарықтағы ең қарқынды дамып жатқан сегмент – QR төлемдері.
QR арқылы төлемдер көлемі 1,5 трлн теңгеден (2023 ж.) 8 трлн теңгеге (2026 ж.) дейін өсіп, нарықтағы үлесі 3%-дан 10,8%-ға дейін артты. QR-код арқылы төлеу қатарынан екінші жыл дәстүрлі POS-терминалдардан (7,5 трлн теңге, үлесі 10,2%) озып тұр.
Айта кетейік, 19 шілдеден бастап барлық банк үшін бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады.