2026 жылы банк карталары арқылы 73,5 трлн теңге төлем жасалды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
банк карталары арқылы 73,5 трлн теңге төлем жасалды
Банк карталары арқылы 73,5 трлн теңге төлем жасалды / фото: kursiv.media архиві

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 73,5 трлн теңгеге жетті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 462,1 млрд теңгеге көп.

Дегенмен соңғы жылдағы өсім қарқыны небәрі 3,9%-ды құрап, айтарлықтай баяулаған.

Банк карталары айналымындағы қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 87,6%-ға тұрақтап, қалған 12,4%-ы ғана қолма-қол ақша алуға тиесілі болып отыр. Ал 2016 жылы қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі небәрі 12,5%-ды құраған.

Бүгінде банк карталары арқылы жасалатын он операцияның тоғызына жуығы қолма-қол ақшаны алмай-ақ жүзеге асырылады.

Өңірдегі көрсеткіштер қандай?

Төлемдердің басым бөлігі әлі де ірі қалаларда шоғырланған:

  • Алматы – 37,2 трлн теңге (елдегі жалпы көлемнің жартысынан астамы);
  • Астана – 6,6 трлн теңге;
  • Шымкент – 4,6 трлн теңге.

Карта айналымындағы қолма-қол ақшасыз төлем үлесі бойынша Алматы облысы (92,3%) көш бастап тұр. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында (74%) тіркелді.

QR қарқын алып келеді

Интернет пен мобильді қосымшалар 78,9% үлеспен (58,4 трлн теңге) негізгі есеп айырысу құралы болып қала береді. Дегенмен, нарықтағы ең қарқынды дамып жатқан сегмент – QR төлемдері.

QR арқылы төлемдер көлемі 1,5 трлн теңгеден (2023 ж.) 8 трлн теңгеге (2026 ж.) дейін өсіп, нарықтағы үлесі 3%-дан 10,8%-ға дейін артты. QR-код арқылы төлеу қатарынан екінші жыл дәстүрлі POS-терминалдардан (7,5 трлн теңге, үлесі 10,2%) озып тұр.

Айта кетейік, 19 шілдеден бастап барлық банк үшін бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады.

Сондай-ақ оқыңыз