Шоудың көкесін көрсететін Kanye West Алматыда ауқымды концерт береді

Жарияланды 17 Шілде 2026 12:57

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Фото: Javier Rojas/Keystone Press Agency/Global Look Press

Әлемдік поп жұлдыз Ye (бұрынғы есімі Kanye West) 14 тамыз күні Алматының Орталық стадионында концерт береді. Бұл туралы блогер Бейбіт Әлібеков хабарлады.

Блогер ауқымды оқиғаға кімдер ұйықтқы болатынын айта кетті.

«Дананы, First Media Group командасын мақтан тұтамын. Алматы қаласының әкімдігіне, Тимур Турловқа және осы айтулы оқиғаның жүзеге асуына үлес қосқан барша жанға алғысымды білдіремін», деп жазды ол.

Билеттерді Freedom SuperApp және Ticketon.kz сайты арқылы сатып алуға болады. Алдымен билеттер 20-21 шілде күндері шектеулі көлемде Freedom SuperApp арқылы сатылады. Алдын ала сатылым аяқталғаннан кейін, 22 шілдеден бастап билеттерді Freedom SuperApp қосымшасы мен Ticketon.kz сайты арқылы сатып алуға болады.

Ye – музыка, сән және поп-мәдениеттің ең ықпалды әрі ең көп талқыланатын тұлғаларының бірі. Ол продюсерлік шеберлігімен хип-хоптың дыбысталуын бірнеше рет өзгерткен музыкант. Алғашында Jay-Z сияқты алыптарға бит жазып танылды, кейін өз алдына шығып, The College Dropout, Graduation және шедевр саналатын My Beautiful Dark Twisted Fantasy сияқты классикалық альбомдарды ұсынды. Ол 20-дан астам «Грэмми» сыйлығының иегері.

Оның концерттері жай ғана музыкалық кеш емес, заманауи өнер перформансы мен озық инженерлік шешімдердің тоғысқан жері ретінде мойындалған. Ол концерттік сахна дизайны мен шоу форматын түбегейлі өзгерткен әртіс.

Сондай-ақ оқыңыз