Димаш әндері Мексикадағы FIFA Fan Fest-тің бір бөлшегіне айналды

Жарияланды 17 Шілде 2026 19:50

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Димаш әндері Мексикадағы FIFA Fan Fest-тің бір бөлшегіне айналды / Фото: dimashnews.com

FIFA 2026 футболдан әлем чемпионаты кезінде турнирдің FIFA ұйымдастырған ең ірі ресми фан-аймақтарының бірінде, яғни Сапопандағы (Халиско штаты) FIFA Fan Fest-те Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалды, деп хабарлайды dimashnews.com.

Матчтарды алып экрандарда көрсетумен қатар, фестиваль музыкалық өнер көрсетулерді, фольклорлық бағдарламаларды, гастрономиялық алаңдарды, интерактивті аймақтар мен қонақтарды Мексика дәстүрлерімен таныстыратын мәдени іс-шаралар болады.

Мәдени бағдарламаның қатысушыларының бірі 13 жасар мексикалық орындаушы Анхель Херардо Коваррубиас Кабрера (Angeloo) болды. Жас әртістің айтуынша, ол Димаштың шығармашылығымен 10 жасында танысқан және оның вокалдық шеберлігіне ғана емес, сонымен бірге әншінің өз шығармашылығы арқылы жолдаған үндеуіне де тәнті болған.

Фото: dimashnews.com

2025 жылы Angeloo испан тілінде «SOS» әнін орындап, La Voz Zapopan de los Niños y las Niñas байқауының жеңімпазы атанған. Жеңістің арқасында ол FIFA Fan Fest сахнасында өнер көрсетуге шақырту алып, екі мыңнан астам көрерменнің алдында «Diva Dance», «Sinful Passion» және «When I’ve Got You» композицияларын орындады. Оның өнер көрсетуіне Dears Jalisco Mexico фан-клубының мүшелері қолдау көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз