Димаш Құдайберген Латын Америкасында жаңа концерттік бағдарламасын ұсынады

Жарияланды 22 Шілде 2026 09:32

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген 2026 жылдың қараша айында Латын Америкасы елдеріне ауқымды турмен барады. Музыканттың DiMENSIONS атты жаңа шоу-бағдарламасы Мексиканың төрт қаласында, сондай-ақ Колумбия мен Чилидің астаналарында өтеді.

Димаш бұл жолы, Мексикаға көбірек көңіл бөлейін деді, себебі былтыр әнші Мехикода екі үлкен концерт беріп, екі кештің де билеттері бірнеше сағаттың ішінде толығымен сатылып кеткен еді.

Концерттердің кестесі:

  • 11 қараша, 2026 жыл – Мерида, Мексика
  • 14 қараша, 2026 жыл – Монтеррей, Мексика
  • 17 қараша, 2026 жыл – Гвадалахара, Мексика
  • 19 қараша, 2026 жыл – Мехико, Мексика
  • 22 қараша, 2026 жыл – Богота, Колумбия
  • 24 қараша, 2026 жыл – Сантьяго, Чили

Билет сатылымы әр елдің жергілікті уақыты бойынша жүзеге асады. Алдымен 22 шілде күні сағат 10:00-де Колумбияда өтетін орынның арнайы алдын ала сатылымы (Venue Presale) басталып, ол 24 шілде сағат 09:59-ға дейін жалғасады. Дәл осы 24 шілде күні сағат 10:00-де Колумбия мен Чилиде билеттердің жалпы сатылымы ашылады.

Ал Мексикадағы концерттерге билеттер 30 шілде сағат 11:00-ден бастап сатылымға шығады.

Барлық қалалар мен елдер бойынша билет сатып алу сілтемелері ресми веб-сайтта қолжетімді болады: en.dimashnews.com/events-schedule/

Еске сала кетейік, Димаш Латын Америкасына дейін, қазан айында Еуропаның Германия, Испания, Польша елдерінде концерт береді.

Сондай-ақ оқыңыз