
Белгілі блогерлер Айым Сейтметова мен Талғат Итаевтың жеке өмірі туралы жазба қалдырғаннан кейін тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы сын астында қалды.
«Айым мен Талғат соңында татуласатынын білемін, бірақ, дәлелдей алмаймын», – деп жазды тележүргізуші Threads парақшасында.
Посмотреть в Threads
Алайда оның бұл жазбасына көптеген сыни пікірлер болды. Көпшілік оған басқа адамдардың жеке өміріне араласты деп айыптап отыр.
«Жеке өмірінде не шаруаңыз бар ? Сіз халық алдында талқылайтын зат па сол ? Үлкен аудиторияңыз бар екен, дұрыс дүние жазсаңызшы» немесе «Дәл сіздің айтатын тақырып емес еді бұл», – деп жазды қолданушылар.
Айта кетейік, осыған дейін Айым Сейтметова жолдасы Талғат Итаевпен ажырасып жатқанын айтқан еді.