Талғат Итаев жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланды 22 Шілде 2026 21:52

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Талғат Итаев жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады / Фото: Instagram

Белгілі блогер Айым Сейтметованың жұбайы, блогер Талғат Итаев өзінің жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады.

«Біреудің өсек-аяңы негізінде қорытынды жасамауға кеңес беремін. Шындықтың бәрін білмей тұрып, адам туралы жаман айтудың қажеті жоқ. Мен бұрынғыша бұл жағдайды көпшілік алдында талқылағым келмейді. Мұндай мәселелер отбасы ішінде шешіліп, талқылануы керек деп есептеймін»», – деп жазды Итаев.

Бұған қоса, ол қандай жағдай болмасын, балаларының жанында болатынын, оларды ешқашан тастап кетпейтінін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Айым Сейтметова жолдасы Талғат Итаевпен ажырасып жатқанын айтқан еді.

Бұдан кейін олардың қарым-қатынасы туралы пікір жазған белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы сын астында қалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз