Алматыда чемпиондыққа талас: «Қайрат» пен «Ордабасы» кездеседі

Жарияланды 26 Шілде 2026 10:38

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
«Қайрат» пен «Ордабасы» кездеседі / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Бүгін, 26 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан Премьер-лигасының ең маңызды матчтарының бірі өтеді. Сағат 19:00-де чемпиондыққа таласып жүрген «Қайрат» пен «Ордабасы» алаңға шығады.

Бұл жай ғана кезекті ойын емес. Қазір «Ордабасы» 18 матчтан кейін 43 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал бір ойын артық өткізген «Қайраттың» еншісінде 42 ұпай бар. Демек, алматылық клуб жеңіске жетсе, қарсыласын басып озып, бірінші орынға көтеріледі. Алда екі клуб үшін әлі ойындар бар, дегенімен спорт сүйек қауым осы матчтың маңғыздылы жоғары дейді.

Қос команданың биылғы алғашқы кездесуі Шымкентте өткен. Сол ойында «Қайрат» есепті бірінші ашқанымен, «Ордабасы» матчты 2:1 есебімен өз пайдасына аяқтады. Сондықтан бүгінгі кездесу алматылық клуб үшін есе қайтаруға мүмкіндік болмақ.

Ойынға деген қызығушылық өте жоғары: матчқа арналған барлық билет сатылып кеткен. Стадионға кіру сағат 16:00-де ашылады. Көрермендер Абылай хан даңғылы емес, Абай даңғылы, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелері жағынан кіре алады. Қауіпсіздікті екі мыңнан астам полиция қызметкері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен басқа да мамандар қамтамасыз етеді.

Шымкенттен де бірнеше автобус жанкүйер келмек. «Ордабасы» жанкүйерлеріне стадионның 24–28-секторлары бөлінген. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз