
Танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші қызы Айнараға арнап ән шығарды. Жаңа туынды жақында қыз ұзату тойында алғаш рет орындалды. «Қызыма тілек» әні көпшіліктің көңілінен шықты.
22 жастағы Айнара Сәбитқызының ұзату тойы 28 шілдеде Алматы қаласында дүркіреп өтті. Ал одан бір күн бұрын құда күту, сырға салу рәсімдері өтті. Сейсенбі кешіндегі салтанатты тойда Алтынай Жорабаева Айнараны ортаға алып шығып, «Қызыма тілек» әнін орындады.
Жаңа шығарма әлеуметтік желідегі дүйім жұрттың көңілінен шықты.
«Қандай керемет ән. Сөзі жүрегіңе жетеді екен. Жастар бақытты болсын», – деп жазды бір қолданушы.
«Бақ ішінен аралап, сені ұнатты бағалап,
«Енді сенің бақытың жан-жарыңа аманат. – Сөзі қандай керемет. Сөзін жазған авторға мың алғыс», – дейді тағы бір қолданушы.
Мәліметтерге қарағанда, қазірдің өзінде хитке айналып үлгерген әннің сөзін айтыскер ақын Данияр Алдаберген, әл әнін Нұршапағат Орынбасарқызы жазған.
Еске сала кетейік, Kursiv.Media бұған дейін Алтынай Жорабаеваның құдалары қалыңмалға 15 млн теңге алып келгені туралы жазған.