1,2 трлн теңге: алты айда қай банк қанша пайда тапқан

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
6 айда банктер 1,2 трлн теңге таза пайда көрген / Коллаж: бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылға дейін күректеп табыс тауып келген банктердің биыл таза пайдасы қысқарып жатыр. 2026 жылдың алты айында Қазақстандағы 23 екінші дейгейлі банк 1,2 трлн теңгеге жуық таза пайда алған. Бұл қаржы былтыр банктер екі тоқсанда тапқан 1,37 трлн теңгеден 14 пайызға аз.

Үздік ондық

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, таза пайда бойынша көш басында әдеттегідей ірі банктер келеді. Тізім басында 463,6 млрд теңге таза пайда алған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тұр.

Екінші орынды 226,8 млрд теңге пайдамен Kaspi Bank келеді. Үздік үштікті «Банк ЦентрКредит» түйіндейді. Оның таза пайдасы 106,5 млрд теңгені құрайды

Олардан кейін 86,4 млрд теңге таза пайдамен «Отбасы банк» және 69 млрд теңге табыс тапқан ForteBank келеді.

Сонымен қатар «Ситибанк Қазақстан» (52,2 млрд теңге), RBK Bank (27,8 млрд теңге) және Home Credit Bank (22,4 млрд теңге) енген.

Үздік ондықты 17,9 млрд теңге таза пайда алған ВТБ Банкі мен 16,6 млрд теңге таза пайда тапқан «Алматыдағы Қытай сауда-өнеркәсіп банкі» түйіндейді.

ЕДБ2026 жылдың 6 айындағы таза пайда (шығын), млн теңгемен2026 жылдың маусым айындағы таза пайда (шығын)
млн теңгемен
1Halyk Bank463 55965 298
2Kaspi Bank226 76834 908
3Банк ЦентрКредит106 54118 606
4Отбасы банк86 37317 515
5ForteBank68 98214 207
6Ситибанк52 16210 430
7Bank RBK27 8125 040
8Home Credit Bank22 4218 229
9ВТБ Банкі17 9082 812
10Қытай сауда-өнеркәсіп банкі 16 5693 718
11Bereke Bank13 5771 570
12Altyn Bank13 5732 001
13«Қазақстандағы Қытай банкі» ЕБ14 4253 097
14Freedom Bank12 7162 860
15Шинхан Банк12 6502 098
16Еуразиялық банк11 2052 519
17Қазақстан-Зираат Банкі10 5742 208
18Alatau City Bank4 485-38 851
19KMF Банк4 304927
20ADCB3 7921 000
21Нұрбанк3 682417
22Zaman Bank ислам банкі 3 055-313
23BNK банкі -1 545-410
Жиыны1 195 588159 885

Шығынға батқан банк

2026 жылдың 6 айында пайда таба алмай, шығынға батқан банк те бар. Ол – былтыр микроқаржы ұйымынан банкке айналған BNK банкі. Қаржы ұйымы жарты жылда 1,5 млрд теңге шығын көрген.

Жоғары пайыздық мөлшерлеме, қымбат кредит пен несие портфелінің өсуіне қарамастан, сектор былтырғы рекордтық нәтижесін әзірге қайталай алмай отыр.

Сондай-ақ оқыңыз