1,2 трлн теңге: алты айда қай банк қанша пайда тапқан

2025 жылға дейін күректеп табыс тауып келген банктердің биыл таза пайдасы қысқарып жатыр. 2026 жылдың алты айында Қазақстандағы 23 екінші дейгейлі банк 1,2 трлн теңгеге жуық таза пайда алған. Бұл қаржы былтыр банктер екі тоқсанда тапқан 1,37 трлн теңгеден 14 пайызға аз.
Үздік ондық
Ұлттық банк дерегіне сәйкес, таза пайда бойынша көш басында әдеттегідей ірі банктер келеді. Тізім басында 463,6 млрд теңге таза пайда алған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тұр.
Екінші орынды 226,8 млрд теңге пайдамен Kaspi Bank келеді. Үздік үштікті «Банк ЦентрКредит» түйіндейді. Оның таза пайдасы 106,5 млрд теңгені құрайды
Олардан кейін 86,4 млрд теңге таза пайдамен «Отбасы банк» және 69 млрд теңге табыс тапқан ForteBank келеді.
Сонымен қатар «Ситибанк Қазақстан» (52,2 млрд теңге), RBK Bank (27,8 млрд теңге) және Home Credit Bank (22,4 млрд теңге) енген.
Үздік ондықты 17,9 млрд теңге таза пайда алған ВТБ Банкі мен 16,6 млрд теңге таза пайда тапқан «Алматыдағы Қытай сауда-өнеркәсіп банкі» түйіндейді.
| № | ЕДБ | 2026 жылдың 6 айындағы таза пайда (шығын), млн теңгемен | 2026 жылдың маусым айындағы таза пайда (шығын) млн теңгемен |
| 1 | Halyk Bank | 463 559 | 65 298 |
| 2 | Kaspi Bank | 226 768 | 34 908 |
| 3 | Банк ЦентрКредит | 106 541 | 18 606 |
| 4 | Отбасы банк | 86 373 | 17 515 |
| 5 | ForteBank | 68 982 | 14 207 |
| 6 | Ситибанк | 52 162 | 10 430 |
| 7 | Bank RBK | 27 812 | 5 040 |
| 8 | Home Credit Bank | 22 421 | 8 229 |
| 9 | ВТБ Банкі | 17 908 | 2 812 |
| 10 | Қытай сауда-өнеркәсіп банкі | 16 569 | 3 718 |
| 11 | Bereke Bank | 13 577 | 1 570 |
| 12 | Altyn Bank | 13 573 | 2 001 |
| 13 | «Қазақстандағы Қытай банкі» ЕБ | 14 425 | 3 097 |
| 14 | Freedom Bank | 12 716 | 2 860 |
| 15 | Шинхан Банк | 12 650 | 2 098 |
| 16 | Еуразиялық банк | 11 205 | 2 519 |
| 17 | Қазақстан-Зираат Банкі | 10 574 | 2 208 |
| 18 | Alatau City Bank | 4 485 | -38 851 |
| 19 | KMF Банк | 4 304 | 927 |
| 20 | ADCB | 3 792 | 1 000 |
| 21 | Нұрбанк | 3 682 | 417 |
| 22 | Zaman Bank ислам банкі | 3 055 | -313 |
| 23 | BNK банкі | -1 545 | -410 |
| Жиыны | 1 195 588 | 159 885 |
Шығынға батқан банк
2026 жылдың 6 айында пайда таба алмай, шығынға батқан банк те бар. Ол – былтыр микроқаржы ұйымынан банкке айналған BNK банкі. Қаржы ұйымы жарты жылда 1,5 млрд теңге шығын көрген.
Жоғары пайыздық мөлшерлеме, қымбат кредит пен несие портфелінің өсуіне қарамастан, сектор былтырғы рекордтық нәтижесін әзірге қайталай алмай отыр.