
Алматы хайуанаттар бағында Лотти есімді сусиыр 16 жасқа толды. Франциядан арнайы жеткізілген бұл сусиыр Алматыда өзінің сыңары Джамбоны жолықтырып, бүгінде екеуі хайуанаттар бағының ең танымал әрі жарасымды жұптарының біріне айналды.
Зоопарк қызметкерлерінің айтуынша, сусиырларға күнделікті мұқият күтім жасау өте маңызды. Лоттидің әрбір күні міндетті түрде суға шомылудан және тістерін тазалаудан басталады. Бұл жануарлардың тістері өмір бойы өсіп, ұзындығы жарты метрге дейін жетеді, сондықтан арнайы гигиеналық процедуралар олардың денсаулығы үшін аса қажет.
Туған күн иесіне зоопарк ұжымы арнайы тосынсый дайындап, мерекелік сый ретінде үлкен шырынды қарбыз ұсынды. Сондай-ақ Лоттидің сүйікті десерттерінің қатарында қырыққабат, сәбіз, алма және қызылша бар. Зоопарк ұжымы мен қала тұрғындары сүйікті жануарға мықты денсаулық пен Джамбомен бірге баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілеп жатыр.
Айта кетейік, сусиырлар табиғи мекенде 40-50 жылға дейін өмір сүреді. Ал Зообақтарда күтім жасалған сусиырлардың ғұмыры одан ұзағырақ. 50-60 жылға дейін барады.
Бұған дейін, Алматының хайуанаттар бағында Фидель атты қолтырауын қырыққа толған еді.