Ақтауда үш көлік соқтығысқан жол апатынан бір ер адам қайтыс болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Ақтауда үш көлік соқтығысқан жол апатынан бір ер адам қайтыс болды / Фото: Shutterstock

Ақтау – Маңғышлақ автожолында үш көліктің қатысуымен апат болды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Sequoia жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, екі автокөлікпен – Toyota Camry және Lada Granta-мен соқтығысқан.

Апат салдарынан Toyota Camry маркалы автокөліктің 23 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Көлік құралдары мамандандырылған айып тұрағына қойылды», – делінген хабарламада.

Полициядағылар жүргізушілерді жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға, қауіпті маневрлер жасамауға және жол жағдайын ескере отырып жылдамдықты таңдауға шақырды.

Айта кетейік, осыған дейін Ақмола облысында жол апатынын шетелдік ерлі-зайыпты қаза тапқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз