Ақтауда үш көлік соқтығысқан жол апатынан бір ер адам қайтыс болды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Ақтауда үш көлік соқтығысқан жол апатынан бір ер адам қайтыс болды / Фото: Shutterstock

Ақтау – Маңғышлақ жолында үш көлік соқтығысып, жол апаты болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының полициясы хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Sequoia жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Camry және Lada Granta көліктерімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Toyota Camry маркалы автокөліктің 23 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтысы болды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Көлік құралдары мамандандырылған айып тұрағына қойылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Ақмола облысында жол апатынын шетелдік ерлі-зайыпты қаза тапқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз