Алматыда жолдағы жанжал кезінде жүргізуші соққыға жығылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
полиция
Алматыда жолдағы жанжал кезінде жүргізуші соққыға жығылды / Фото: polisia.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Алматыда жүргізушілер арасындағы жол жанжалы әлеуметтік желіде тарады. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Алматыдағы жүргізушілер арасындағы жол жанжалы түсірілген бейнежазбаны анықтады.

Посмотреть в Threads

Жарияланған кадрларда жанжалға қатысушылардың бірінің екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді.

Осы факті бойынша полиция дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз