Алматыда жолдағы жанжал кезінде жүргізуші соққыға жығылды
Жарияланды
(жаңартылды )

Алматыда жүргізушілер арасында болған жанжал әлеуметтік желіде тарады. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Алматыдағы жүргізушілер арасындағы жанжал түсірілген бейнежазбаны анықтады.
Посмотреть в Threads
Жарияланған кадрларда жанжалға қатысушылардың бірінің екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді.
Осы факті бойынша полиция дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті анықталып ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.