
Футбол әлемінің қос аңызы – Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасындағы бәсекелестік жылдар бойы жанкүйерлердің назарында болып келеді. Дегенмен, бұл жолы португалиялық жұлдыз аргентиналық қарсыласына ең қиын сәттердің бірінде жылы лебізін білдіріп, шынайы адамгершілік пен өзара құрметтің үлгісін көрсетті.
Әлеуметтік желідегі тебірентерлік сәт
Лионель Месси өзінің Instagram парақшасында әкесімен түскен суретін жариялап, «Жақсы көремін, әке ❤️» («Te amo, pa») деп жазба қалдырған еді. Бұл жазба қысқа мерзім ішінде миллиондаған лүпіл жинап, әлемнің түкпір-түкпірінен қолдау хаттары жауа бастады.
Олардың арасында Криштиану Роналдудың қалдырған пікірі жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді:
«Осындай ауыр сәттерде саған және жақындарыңа үлкен құшақ жолдаймын, Лео. Мықты бол!»
Айта кетейік, 8 тамыз күні Лионель Мнссидің әкесі қайтыс болды.