Мектеп оқушылары халықаралық олимпиададан жеңіспен оралды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Халықаралық олимпиадада жүлде алған оқушылар
Халықаралық жарыс жүлдегерлері Астанаға ұшып келді / фото: Оқу-ағарту министрлігі

Информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI 2026) жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар елге оралды, деп хабарлайды Kursiv.Media. Ташкенттегі жарыста Қазақстан намысын қорғаған төрт оқушы 1 алтын және үш күміс алды.

Астана әуежайында жас чемпиондар мен олардың жетекшілерін оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ата-аналары, ұстаздары мен достары қарсы алды.

Министрлік мәліметінше, олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлдегер атанды. Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Мансұр Мамадахунов, Асқар Әкежан және Алдияр Сейтбай күміс жүлдегер атанды. Қазақстан әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды.

«Бұл – еліміздің осы халықаралық олимпиадаға қатысу тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі», – деп есептейді оқу-ағарту министрлігі.

Ұлттық құрамаға Темірлан Сатылханов пен Айбек Қуанышбай жетекшілік етті.

Сондай-ақ оқыңыз