Майя Бекбаева неге Канье Уэст сияқты әртістердің концертіне бару керегін айтты

Жарияланды 17 Тамыз 2026 17:53

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Майя Бекбаева
фото: instagram/mayabekbayeva

Журналист Майя Бекбаева әлемдік әртіс Каньэ Уесттің концертінен кейінгі әсерден шыға алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ол қалай дегенмен де осындай әлемдік деңгейдегі әртістердің концертіне барып тұру пайдалы екенін жеткізді.

Журналист концерттен алған эмоциясын бір күн бойы қорыта келе, оқырманына қайырылды.

«Осындай концерттерге мүмкіндік келіп тұрса, бару керек. Егер балаларыңыз музыкамен әуестенсе, міндетті түрде осындай деңгейдегі шоуды, масштабты, дыбысты көрсетіңіздер. Мұндай оқиғалар сананы адам нанғысыз ауқымда кеңейтіп, әсемдік сезімін қалыптастырады», деді журналист инстаграмдағы сторисінде.

Ол эмоция ішкі әлемді түзетіндіктен, кейде адаммен мәңгі қалатынын, кезекті сатып алынған заттан құнды болуы мүмкін екенін атап өтті.

Бұған дейін Майя Бекбаева қазақтың біртуар ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов туралы жаңа деректі көркем фильм түсіріп жатқанын, жобаны жыл аяғына дейін жарыққа шығаратыны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз