Аңызға айналған A’Studio тобы қазақ тілінде жаңа ән шығарды

Жарияланды 19 Тамыз 2026 12:32

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
A’Studio тобы / фото: instagram

Аңызға айналған A’Studio тобы қазақ тілінде жаңа ән шығарды. Бұл туралы топтың басты солисі Кети Топурия өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Әнші «Jañbyrdan soñ» атты жаңа туындының тизерін жариялады.

A’Studio тобы 1982 жылы Алматы қаласында құрылған. Бастапқыда «Арай» ансамблінің негізінде жасақталып, кейіннен «Алма-Ата Студио» деген атаумен танымал болған ұжым уақыт өте A’Studio болып өзгерді. Топтың негізін аңызға айналған сазгер Байғали Серкебаев, марқұм Батырхан Шүкенов, Владимир Миклошич пен Бағлан Садвакасов сияқты кәсіби музыканттар қалады.

A’Studio – қазақстандық сахнадан бастау алып, халықаралық деңгейге көтерілген бірегей ұжым. Олардың «Джулия», «Нелюбимая», «Солдат любви», «Улетаю» және «Так же как все» сияқты хиттері тұтас бір буынның сүйікті әндеріне айналды. Топ тарихындағы басты әрі алғашқы вокалисі Батырхан Шукенов болса, кейіннен Полина Гриффис өнер көрсетті. Ал 2005 жылдан бері топтың басты солисі ретінде Кети Топурия өнер көрсетіп келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін A’Studio тобының әндері желісімен «Стоп, ночь!» атты киномюзиклі түсірілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз