«Қазақтелеком» акциялары 1,47% өскенімен, KASE индексі төмендеді

Жарияланды 21 Тамыз 2026 08:20

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
KASE индексі төмендеді / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

20 тамызда KASE индексі қайтадан 8 мың пункттен төмен түсті. Сауда-сатық нәтижесінде индекс 50,14 пунктке немесе 0,63%-ға төмендеп, 7 962,69 пунктті құрады. Бір күн бұрын көрсеткіш 8 012,83 пункт болған. Индекстік акциялармен сауда көлемі бір күнде 2,1 есе өсіп, 846,7 млн теңгеге жетті.

KASE: күн қорытындысы
20 тамыз 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
Қазақтелеком
KZTK Қазақтелеком
44 750,00 ₸
+1,47%
өсті
Kaspi.kz
KSPI Kaspi.kz
45 800,00 ₸
+0,67%
өсті
ҚазМұнайГаз
KMGZ ҚазМұнайГаз
34 993,00 ₸
+0,38%
өсті
Halyk Bank
HSBK Halyk Bank
400,25 ₸
+0,19%
өсті
KEGOC
KEGC KEGOC
1 428,80 ₸
−0,02%
түсті
Kcell
KCEL Kcell
3 202,67 ₸
−0,07%
түсті
Банк ЦентрКредит
CCBN Банк ЦентрКредит
4 795,00 ₸
−0,47%
түсті
Air Astana
AIRA Air Astana
705,51 ₸
−1,94%
түсті
ҚазТрансОйл
KZTO ҚазТрансОйл
1 095,00 ₸
−2,50%
түсті
Қазатомөнеркәсіп
KZAP Қазатомөнеркәсіп
31 810,00 ₸
−3,60%
түсті
KASE
KASE индексі күн қорытындысы
7 962,69
−0,63%
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 20 тамыз 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

20 тамыз күнгі саудада Қазақтелеком акциялары көш бастады. KZTK акциясының жабылу бағасы 44 100 теңгеден 44 750 теңгеге көтеріліп, Close-to-Close есептеуде 1,47% өсті. Одан кейін Kaspi.kz (+0,67%), ҚазМұнайГаз (+0,38% )және Halyk Bank (+0,19%) бағалы қағаздары оң нәтиже көрсетті. KASE-нің күнделікті шолуында да дәл осы төрт эмитенттің акциялары өсім көрсеткені атап өтілген.

Индекстегі қалған алты акция арзандады. KEGOC (−0,02%), Kcell (−0,07%), Банк ЦентрКредит ((−0,47%), Air Astana (−1,94%) құнды қағаздарының бағасы төмендеді. Пайыздар KASE жариялаған 20 және 19 тамыздағы нақты жабылу бағаларын Close-to-Close әдісімен есептеу арқылы шығарылды.

Бұл күнгі саудада «Қазатомөнеркәсіп» акциялары біршама құнсызданды. KZAP 32 998,98 теңгеден 31 810 теңгеге дейін түсіп, 3,6% жоғалтты. «ҚазТрансОйл» компаниясы да айтарлықтай төмендеп, 1 123,10 теңгеден 1 095 теңгеге немесе 2,50% түсті.

Нәтижесінде KASE индексіне кіретін он акцияның төртеуі өсіп, алтауы төмендеді. Индекс күн ішінде 8 059,78 пунктке дейін көтерілгенімен, сессия соңында сол күнгі минимум — 7 962,69 пунктте жабылды.

Сондай-ақ оқыңыз