Қытай роботтары әлем чемпионатында Болт рекордын жаңартты (видео)

Жарияланды 23 Тамыз 2026 11:40

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
Қытай роботтары
Адам тәріздес роботтар / фото: REUTERS/Tingshu Wang

Қытайдың екі роботы 100 метрлікке жүруден желаяқ Усэйн Болт орнатқан рекортты жаңартты. Бейжіңде гуманоид роботтардың біріншілігі өтіп жатыр.

Адамға ұқсас роботтардың дүниежүзілік ойындарында қытай роботы 100 метрді 9,39 секундта жүгіріп өтті. Бұл – ямайкалық желаяқ Усэйн Болт орнатқан жетістіктен жылдам.

Айта кетейік, роботтар жылдам жүгіргенімен, әзірге жылдамдықты тежеуді үйреніп үлгермеді. Спринт жүгірген екі робот та жарыс соңында жұмсақ қабырғаға соғылып, істен шыққан.

Мәліметтерге қарағанда, роботтар ойындарының алдын ала жүгіруінде Tiangong Ultra роботы бірінші келді. Ол Lightning роботынан озды. Екінші орын алған адам тәріздес робот жолды 9,47 секундта жүгіріп өтті. Бұл да Болт рекортынан жоғары көрсеткіш. Адамның 100 метрліктегі ең жылдам көрсеткіші – 9,58 секунд. Усэйн мұндай рекортты 2009 жылғы әлем чемпионатында орнатқан.

World Humanoid Robot Games жарысы 22 тамызда Бейжіңде басталды. Оған әлемнің 16 елінен 2 мыңнан астам адам тәріздес робот қатысып жатыр. Олардың арасында Қазақстан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз