Құрылтай сайлауында қай партия қанша мандат алғаны белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Серікжан Қобыланбаев

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттары сайлауының қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, бес саяси партия депутаттық мандаттарды бөлуге қатысады. Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады.

Оның айтуынша, 5 пайыздық сайлау шегінен өте алмаған «Байтақ» жасылдар партиясы мен Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) депутаттық мандаттарды бөлуге қатыспайды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында төмендегідей тәртіппен бөлінді:

  • «Әділет» партиясы – 110 мандат;
  • «Ауыл» партиясы – 10 мандат;
  • «Respublica» партиясы – 9 мандат;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 мандат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 мандат.
Дереккөз: ОСК

Осылайша, Құрылтайдағы депутаттық мандаттардың басым бөлігі «Әділет» партиясына тиесілі болды.

Бұған дейін ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялаған. «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыс жинаса, «Ауыл» партиясы – 6,26 пайыз, «Respublica» – 5,56 пайыз, «Ақ жол» – 5,21 пайыз, ал ЖСДП 5,11 пайыз дауыс алған.

Сондай-ақ оқыңыз