Құрылтай сайлауында қай партия қанша мандат алғаны белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттары сайлауының қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, бес саяси партия депутаттық мандаттарды бөлуге қатысады. Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады.
Оның айтуынша, 5 пайыздық сайлау шегінен өте алмаған «Байтақ» жасылдар партиясы мен Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) депутаттық мандаттарды бөлуге қатыспайды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында төмендегідей тәртіппен бөлінді:
- «Әділет» партиясы – 110 мандат;
- «Ауыл» партиясы – 10 мандат;
- «Respublica» партиясы – 9 мандат;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 мандат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 мандат.

Осылайша, Құрылтайдағы депутаттық мандаттардың басым бөлігі «Әділет» партиясына тиесілі болды.
Бұған дейін ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялаған. «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыс жинаса, «Ауыл» партиясы – 6,26 пайыз, «Respublica» – 5,56 пайыз, «Ақ жол» – 5,21 пайыз, ал ЖСДП 5,11 пайыз дауыс алған.