Еспаева, Қожаназаров: партиялар Құрылтай депутаттарының тізімін жариялады

Сайлаудан кейін Құрылтайдан орын алған партиялар жаңа депутаттардың тізімін жария етті, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Алғашқы болып «Ауыл» партиясының саяси кеңесі шешім қабылдап, 10 депутаттың тізімін жариялады:
- Қайрат Айтуғанов — «Ауыл» партиясының төрағасы.
- Шахмардан Байманов — «Ауыл» төрағасының орынбасары, партияның орталық аппаратының басшысы.
- Захира Биғалиева — «IT және құзыреттіліктерді дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры.
- Серік Егізбаев — «Ауыл» төрағасының бірінші орынбасары, VIII шақырылымдағы мәжіліс депутаты.
- Мұрат Еркібаев — АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары.
- Ажар Қажыбекова — Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы.
- Владимир Киян — ғалым-биотехнолог, Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары.
- Алмас Мұхаметов — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры.
- Динара Райханова — «UT Print» ЖШС басшысы, Қосшы мәслихатының бұрынғы депутаты.
- Рабиға Тоқсейітова — «Aitas-KZ» АҚ холдингтік компаниясының вице-президенті.
Екінші тізімді Құрылтайдан 8 орын алған ЖСДП жариялады:
- Асхат Рахымжанов — ЖСДП төрағасы, мәжілістің VIII шақырылым депутаты, Халықаралық Социалистік интернационалдың вице-президенті;
- Мақсұт Насыбулов — ЖСДП Орталық аппаратының басшысы;
- Нұрайнаш Камалова — ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрайымы;
- Лариса Ли — «PANA» жобасының басшысы;
- Аслан Құлмағамбетов — ЖСДП елордалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы;
- Арман Ақылбай — Әділет министрлігі қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры;
- Наурыз Сайлаубай — ЖСДП жастар қанатының басшысы, мәжілістің VIII шақырылым депутаты;
- Ажар Сағандықова — мәжілістің VIII шақырылым депутаты, ЖСДП Әйелдер қанатының басшысы.
Құрылтайдан 8 мандат алған «Ақ жол» партиясының тізімі төмендегідей:
- Дания Еспаева — «Ақ жол» партиясының төрағасы, VIII шақырылымдағы мәжіліс төрағасының орынбасары;
- Дәурен Ахметжаев — Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты;
- Бақтыбек Бибаев — партиядан депутаттыққа кандидат;
- Асылхан Қожахметов — «Ақ жол» партиясы саяси кеңесінің өңірлік жұмыс жөніндегі хатшысы, аппарат басшысы;
- Юрий Ли — VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
- Олжас Нұралдинов — VIII шақырылымдағы мәжіліс депутаты;
- Мейраш Шынасилова — «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының төрайымы;
- Ермекқали Юсупов — «Ақ жол» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы.
Сайлау қорытындысы бойынша 9 мандатқа ие болған Respublika партиясы да тізімді ұзақ күттірмеді:
- Бекжан Айтқұлов — партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, VII-VIII шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.
- Руслан Ыдырысов — кәсіпкер, «Global Food» ЖШС құрылтайшысы, VIII шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
- Мейірхат Қасымбаев — кәсіпкер, «Capital Road Construction» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы.
- Олжас Құспеков — «Respublica» партиясы төрағасының орынбасары, мәжілістің VIII шақырылым депутаты.
- Динара Наумова — мәжілістің VIII шақырылым депутаты, президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі.
- Екатерина Смолякова — мәжілістің VIII шақырылым депутаты.
- Нұргүл Тау — мәжілістің VIII шақырылым депутаты.
- Махамбет Хасенов — «Special Oil Projects» және «Әлмерек» мұнай базасының құрылтайшысы әрі бас директоры, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы.
- Айдарбек Қожаназаров — Respublica партиясының төрағасы, мәжілістің VIII шақырылым депутаты, партияның Парламенттегі фракциясының басшысы.
Елде 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтті. Нәтижесінде бес саяси партия депутаттық мандатты бөлуге қатысады. 5 пайыздық сайлау шегінен өте алмаған «Байтақ» жасылдар партиясы мен Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) депутаттық мандаттарды бөлуге қатыспайды.
110 мандатқа ие болған «Әділет» партиясы әзірге депутаттар тізімін жария етпеді.