Еспаева, Қожаназаров: партиялар Құрылтай депутаттарының тізімін жариялады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Кызылорде Токаева попросили сохранить квоту для женщин в новом парламенте
Партиялар Құрылтай депутаттарының тізімін жариялады / Фото: Kursiv.Media

Сайлаудан кейін Құрылтайдан орын алған партиялар жаңа депутаттардың тізімін жария етті, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Алғашқы болып «Ауыл» партиясының саяси кеңесі шешім қабылдап, 10 депутаттың тізімін жариялады:

  • Қайрат Айтуғанов — «Ауыл» партиясының төрағасы.
  • Шахмардан Байманов — «Ауыл» төрағасының орынбасары, партияның орталық аппаратының басшысы.
  • Захира Биғалиева — «IT және құзыреттіліктерді дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры.
  • Серік Егізбаев — «Ауыл» төрағасының бірінші орынбасары, VIII шақырылымдағы мәжіліс депутаты.
  • Мұрат Еркібаев — АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары.
  • Ажар Қажыбекова — Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы.
  • Владимир Киян — ғалым-биотехнолог, Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары.
  • Алмас Мұхаметов — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры.
  • Динара Райханова — «UT Print» ЖШС басшысы, Қосшы мәслихатының бұрынғы депутаты.
  • Рабиға Тоқсейітова — «Aitas-KZ» АҚ холдингтік компаниясының вице-президенті.

Екінші тізімді Құрылтайдан 8 орын алған ЖСДП жариялады:

  • Асхат Рахымжанов — ЖСДП төрағасы, мәжілістің VIII шақырылым депутаты, Халықаралық Социалистік интернационалдың вице-президенті;
  • Мақсұт Насыбулов — ЖСДП Орталық аппаратының басшысы;
  • Нұрайнаш Камалова — ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрайымы;
  • Лариса Ли — «PANA» жобасының басшысы;
  • Аслан Құлмағамбетов — ЖСДП елордалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы;
  • Арман Ақылбай — Әділет министрлігі қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры;
  • Наурыз Сайлаубай — ЖСДП жастар қанатының басшысы, мәжілістің VIII шақырылым депутаты;
  • Ажар Сағандықова — мәжілістің VIII шақырылым депутаты, ЖСДП Әйелдер қанатының басшысы.

Құрылтайдан 8 мандат алған «Ақ жол» партиясының тізімі төмендегідей:

  • Еспаева Дания — «Ақ жол» партиясының төрағасы, VIII шақырылымдағы мәжіліс төрағасының орынбасары;
  • Ахметжаев Дәурен — Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты;
  • Бибаев Бақтыбек — партиядан депутаттыққа кандидат;
  • Қожахметов Асылхан — «Ақ жол» партиясы саяси кеңесінің өңірлік жұмыс жөніндегі хатшысы, аппарат басшысы;
  • Ли Юрий — VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
  • Нұралдинов Олжас — VIII шақырылымдағы мәжіліс депутаты;
  • Шынасилова Мейраш — «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының төрайымы;
  • Юсупов Ермекқали — «Ақ жол» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы.

Сайлау қорытындысы бойынша 9 мандатқа ие болған Respublika партиясы да тізімді ұзақ күттірмеді:

  • Бекжан Айтқұлов — партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, VII-VIII шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.
  • Руслан Ыдырысов — кәсіпкер, «Global Food» ЖШС құрылтайшысы, VIII шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
  • Мейірхат Қасымбаев — кәсіпкер, «Capital Road Construction» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы.
  • Олжас Құспеков — «Respublica» партиясы төрағасының орынбасары, мәжілістің VIII шақырылым депутаты.
  • Динара Наумова — мәжілістің VIII шақырылым депутаты, президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі.
  • Екатерина Смолякова — мәжілістің VIII шақырылым депутаты.
  • Нұргүл Тау — мәжілістің VIII шақырылым депутаты.
  • Махамбет Хасенов — «Special Oil Projects» және «Әлмерек» мұнай базасының құрылтайшысы әрі бас директоры, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы.
  • Айдарбек Қожаназаров — Respublica партиясының төрағасы, мәжілістің VIII шақырылым депутаты, партияның Парламенттегі фракциясының басшысы.

Елде 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтті. Нәтижесінде бес саяси партия депутаттық мандатты бөлуге қатысады. 5 пайыздық сайлау шегінен өте алмаған «Байтақ» жасылдар партиясы мен Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) депутаттық мандаттарды бөлуге қатыспайды.

110 мандатқа ие болған «Әділет» партиясы әзірге депутаттар тізімін жария етпеді.

Сондай-ақ оқыңыз