Келесі көшпенділер ойындары қайда өтеді 

Жарияланды 31 Тамыз 2026 20:42

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Көшпенділер ойындары басталды/фото: KursivMedia, Айгерім Таубай

Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ашылу салтанатында келесі 2028 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Татарстанда өтетінін жариялады, деп хабарлайды KursivMedia.

«Ресей Федерациясынан 2028 жылы VIІ көшпенділер ойындарын Татарстанда өткізуге дайын екенін растайтын хат келді», – деді Садыр Жапаров «Бішкек аренада».

Қырғызстан президенті көпшенділер ойындарын өткізуге Ресейге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз