Доллар 458 теңгеге түсті: 2 қыркүйекке ресми бағам белгіленді

Жарияланды 1 Қыркүйек 2026 15:58

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
2 қыркүйекке арналған валюта бағамы / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2 қыркүйекке арналған АҚШ долларының ресми бағамы 458,45 теңге болады. Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 қыркүйек күні сағат 15:30-да USDKZT_TOM бойынша орташа сараланған бағам осы деңгейде қалыптасты.

1 қыркүйекте доллардың ресми бағамы 462,31 теңге болған. Осылайша бір күнде доллар 3,86 теңгеге немесе шамамен 0,83%-ға арзандады. Бұл теңгенің долларға қатысты айтарлықтай нығайғанын білдіреді.

Айта кетейік, Ұлттық банктің мәліметінше тамыздағы доллардың орташа бағамы – 464,55 тг болды.

АЛМАТЫДАҒЫ БАҒАМ

Валюта айырбастау бағамы

Онлайн
Валюта Сатып алу Сату
$ USD АҚШ доллары
457,7
460,3
EUR Еуро
530,5
535,5
RUB Ресей рублі
5,21
5,33
¥ CNY Қытай юані
68,7
71,1
НАРЫҚТАҒЫ БАҒАМ

Биржадағы доллар бағамы

USD/KZT
USD/KZT · нарықтағы соңғы қолжетімді баға
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Алматыда доллар 460 теңгеден сатылып жатыр

1 қыркүйек сағат 14:57-дегі MiG дерегі бойынша Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 457,7 теңгеден сатып алынып, 460,3 теңгеден сатылып жатыр. Еуро - 530,5/535,5 теңге, рубль - 5,21/5,33 теңге, Қытай юані - 68,7/71,1 теңге.

Ұлттық банктің 1 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы 462,31 теңге/$, еуро - 536,09 теңге, юань - 68,80 теңге. 2 қыркүйекке арналған EUR, RUB және CNY ресми бағамдары әзірге Ұлттық банктің бетінде жарияланбаған.

Сондай-ақ оқыңыз