
Сәрсенбі күні кешке әлемнің әр түкпірінде ChatGPT, Claude, Grok, Google Gemini және басқа да жасанды интеллект сервистерінің жұмысында ақау болған, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.
OpenAI мәліметінше, ақауға байланысты ондаған мың шағым түскен. Пайдаланушылар хабарлама жібере алмай, жауап ала алмаған. Чаттарды қолдануға тырысқанда қате туралы хабарлама шыққан.
Жаппай ақауларды Downdetector мониторинг сервисінің деректері де көрсетті. Шағымдардың ең көп бөлігі қызметтегі ақаулар туралы хабарламаларға қатысты болды. Олардың үлесі жалпы өтініштердің 46%-ын құрады. Тағы 38% пайдаланушы сервистің толық істен шыққанын хабарлаған. Ал 7% қолданушы сайтқа қатысты мәселеге тап болғанын, тағы 7%-ы жеке кабинетке кіруде қиындық болғанын айтқан.
Ақаулар туралы хабарламалар әлемнің бірнеше елінен түскен. Олардың қатарында АҚШ, Қазақстан, Ресей, Нидерланд, Германия және Ұлыбритания бар.
Сонымен қатар, компьютерлік Fortnite ойынының жұмысында да ақау тіркелген.