Көшпенділер ойындарында қай ел чемпион атанды

Жарияланды 6 Қыркүйек 2026 19:16

(жаңартылды 7 Қыркүйек 2026 09:18)
Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
фото: Туризм және спорт министрлігі

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Жалпыкомандалық есеп бойынша Қазақстан қоржынында 32 алтын бар. Одан бөлек 20 күміс пен 22 қола жүлде алды. 

Алтын алған спортшылар тізімі

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі 30 алтын алған Қырғызстан екінші орында тұрғанын, 7 алтын алған Ресей үшінші орынға тұрақтағанын хабарлады.

Қырғызстан өзін жеңімпаз деп жариялады

Көшпенділер ойындарын ұйымдастырушылар ойындар өткен соң баспасөз конференциясын өткізген. Сол жерде Қырғызстан өкілі Қазақстан 29 алтын алғанын хабарлаған. Одан бөлек 16 күміс, 19 қола барын айтқан. Осылайша бірінші орынды Қырғызстан, екінші орынды Қазақстан алды деп отыр. Яғни, екі ел берген ақпарат бір-біріне сәйкес келмей тұр. Қырғызстан өкілдері берген ақпарат ресми парақшадағы дерекке де сәйкес келмейді.

World Nomad Games-тің ресми парақшасында да Қазақстанның 29 алтын, 16 күміс, 20 қола алғаны жазылған. (Қырғызстан өкілі 19 қола барын айтты).

Ойындарды бақылап жүрген желі қолданушылары ұйымдастырушылар Қазақстанның үш алтынын есепке алмай отырғанын жазып жатыр.

Қазақ спортшылардың жетістігі

6 қыркүйекте спортшылар көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари бойынша жүлделерге таласты. Нәтижесінде тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.

Мангала жарысында да ел спортшылары сәтті өнер көрсетті. Қазақстан құрамасының мүшелері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Көкпар мен көк бөрүден екі күміс алды.

Сондай-ақ оқыңыз