Олжас Абай мен Бадықова 5 жылдан бері бірге ме – актердің жазбасы жұртты елең еткізді

Жарияланды 9 Қыркүйек 2026 18:38

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Фото: instagram

Олжас Абай мен Дариға Бадықованың қарым-қатынасы тағы да көпшіліктің қызығушылығын оятты. Бұған актердің әлеуметтік желідегі Бадықоваға арналған жүрекжарды жазбасы себеп болды.

Актер Олжас Абай Бадықовамен бірге түскен суретін жариялап, оған деген сезімін ашық білдірді. Оның айтуынша, бес жыл ішінде алғаш рет екеуі бір ай бойы көріспеген.

«5 жылда бірінші рет, бір ай уақыт көріспедік, екеуміз де оңай адам емес екенбіз… Тылсым сезім жүрек көрген сайын, естен тандырып, жақсы көргізіп жіберетіні таңғалдырады… Енді мен сезім мен махаббатқа бұрынғы көзбен қарамаймын. Терең науканы дұрыстап зерттеп алмасам, жарылқай бергенге жанып кетер жайым жоқ.. Сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмеген. Сендерде айтпайсыңдар. Ғашықпын саған ғажабым», – деп жазды актер.

Олжас Абайдың «5 жылда бірінші рет» деген сөзі желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады. Актер бұл сөз арқылы бес жылдан бері жалғасып келе жатқан қарым-қатынасты меңзеді ме деген сұрақ пайда болды.

Бұл тақырып Threads желісінде де талқыланды. Желі қолданушыларының бірі:

«Сонда екеуі 5 жылдан бері кездесіп жүрген бе? Дариға күйеуімен 2024-те ажырасқан, бұлар сонда 2021 жылдан бері жүре ме? Қалай ешқайсымыз байқамағанбыз?» – деп жазды оқырмандардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыз