
Қазақстан гимнастика федерациясы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтетін 2026 жылғы Жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың ресми тізімін жариялады.
Құрлықтық додада ел намысын спорттық, көркем және батуттағы гимнастика шеберлері қорғайды. Ұлттық құрама сапында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов пен әлемдік аренада танымал Милад Карими бастаған көшбасшылар бар.
Қазақстан құрамасының толық құрамы
Спорттық гимнастика
Ерлер: Нариман Курбанов, Милад Карими, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов, Дмитрий Патанин.
Әйелдер: Дарья Ясинская, Амина Халимарден, Амели Мукушева, Радмилла Тарасова, Эвелина Ежова.
Көркем гимнастика
Жекелей бағдарлама: Ақмарал Ерекешева, Айбота Ертайқызы.
Топтық жаттығулар: Кристина Чепульская, Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова.
Батуттағы гимнастика
Ерлер: Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов.
Әйелдер: Виктория Бутолина.
Аичи-Нагоядағы Азия ойындары аясындағы гимнастика бәсекелері 22 қыркүйекте басталады.
Айта кетейік, Азия ойындарының ашылуында Қазақстанның туын дзюдошы Елдос Сметов алып шығады.