Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің арнайы шақыруымен бұл елге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорла.
Президент отырған ұшақ Сеул әуежайына келіп қонды. Әуежайда Қазақстан Президентін Корея Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун бастаған ресми тұлғалар салтанатты түрде қарсы алды.
Сапар аясында екі ел басшыларының жоғары деңгейдегі келіссөздері жоспарланған. Сондай-ақ, тараптар Астана мен Сеул арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылайды деп күтілуде.