Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды
Жарияланды
(жаңартылды )

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің арнайы шақыруымен Кореяға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент отырған ұшақ Сеул әуежайына келіп қонды. Әуежайда Қазақстан Президентін Корея Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун бастаған ресми тұлғалар салтанатты түрде қарсы алды.
Сапар аясында екі ел басшыларының жоғары деңгейдегі келіссөздері жоспарланған. Сондай-ақ, тараптар Астана мен Сеул арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылайды деп күтілуде.