WTA рейтингі жаңарды: Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Жарияланды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресми түрде тізімде көш бастап, бірінші орынға көтерілді.
Үздік ондыққа енген теннисшілер тізімі:
- Елена Рыбакина (Қазақстан) – 9 901 ұпай
- Арина Соболенко – 7 875 ұпай
- Джессика Пегула (АҚШ) – 7 265 ұпай
- Коко Гауфф (АҚШ) – 7 244 ұпай
- Мирра Андреева – 5 743 ұпай
- Линда Носкова (Чехия) – 5 328 ұпай
- Элина Свитолина (Украина) – 4 809 ұпай
- Каролина Мухова (Чехия) – 4 683 ұпай
- Ига Швёнтек (Польша) – 4 619 ұпай
- Марта Костюк (Украина) – 3 980 ұпай
Елена Рыбакина 9 901 ұпай жинап, бұған дейін бірінші орында тұрған Арина Соболенкодан (7 875 ұпай) айтарлықтай басым түсті.
Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы бұрын-соңды болмаған жетістік. Бұған дейін, президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтаған еді.
Рыбакина өз кезегінде жеңісін Қазастанға барып атап өткісі келетінін айтты.