WTA рейтингі жаңарды: Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды / фото: WTA

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресми түрде тізімде көш бастап, бірінші орынға көтерілді.

Үздік ондыққа енген теннисшілер тізімі:

  1. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 9 901 ұпай
  2. Арина Соболенко — 7 875 ұпай
  3. Джессика Пегула (АҚШ) — 7 265 ұпай
  4. Коко Гауфф (АҚШ) — 7 244 ұпай
  5. Мирра Андреева — 5 743 ұпай
  6. Линда Носкова (Чехия) — 5 328 ұпай
  7. Элина Свитолина (Украина) — 4 809 ұпай
  8. Каролина Мухова (Чехия) — 4 683 ұпай
  9. Ига Швёнтек (Польша) — 4 619 ұпай
  10. Марта Костюк (Украина) — 3 980 ұпай

Елена Рыбакина 9 901 ұпай жинап, бұған дейін бірінші орында тұрған Арина Соболенкодан (7 875 ұпай) айтарлықтай басым түсті.

Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы бұрын-соңды болмаған жетістік. Бұған дейін, президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтаған еді.

Рыбакина өз кезегінде жеңісін Қазастанға барып атап өткісі келетінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз