Елена Рыбакинаның 100 млн-дық сағатының сыры

Жарияланды 16 Қыркүйек 2026 11:47

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: WTA

Үлкен дулыға турнирлерінің шаршы алаңында Елена Рыбакинаның сабырлылығы мен салқынқандылығы қашанда оның басты қаруы саналатын. Дегенмен, корттағы соңғы жеңістердің бірінен кейін жанкүйерлер мен сән әлемінің назарын оның жойқын соққылары ғана емес, трофейді төбеге көтерген сәтте білегінде жарқыраған ерекше сағат аударды.

US Open финалдық ойыны аяқталған бойда, чемпиондық кубокты қолға алмас бұрын, Рыбакина сөмкесінен бірден швейцариялық Vanguart брендінің эксклюзивті сағатын шығарып, білегіне тақты.

Әлемде небәрі 25 адамға жасалған эксклюзив

Серіктестік аясында теннисшіге ұсынылған бұл ультра-люкс модельдің нарықтағы бағасы 230 000 АҚШ долларына (шамамен 100,5 – 116,3 млн теңге) бағаланады. Швейцариялық шеберлер бұл топтаманы әлем бойынша небәрі 25 данамен шығарған.

Vanguart бренді өз өнімдерін кез келген танымал тұлғаға ұсына бермейді. Компанияның бұл таңдауы – Рыбакинаның корттағы мінсіз имиджіне, сабырлы табиғаты мен әлемдік спорттағы салмағына берілген жоғары баға.

Корт ережесі және жеңістен кейінгі ритуал

Теннис регламенті мен ойын ыңғайлылығына байланысты мұндай бағалы сағаттармен матч кезінде өнер көрсетуге болмайды. Сол себепті Рыбакина сағатты кортқа шыққанға дейін киіп жүреді де, ойын біте салысымен қайта тағады.

Елена басқа теннисшілер сияқты көптеген брендтермен келісімге отыра бермейді. Мәселен, жылдың басында Австралия ашық чемпионаты кезінде ол бар-жоғы төрт демеушіні (Yonex, Vanguart, Bank RBK, IZI) ғана атап өткен еді.

Оқи отырыңыз: US Open Рыбакинаның бір жылдық табысының жартысын әкелді

Сондай-ақ оқыңыз