Еркебұлан Тоқтар інісіне көлік сыйлады

Жарияланды 16 Қыркүйек 2026 21:23

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Еркебұлан Тоқтар / фото: Instagram
Еркебұлан Тоқтар інісіне көлік сыйлады / фото: Instagram

Белгілі актер әрі әуесқой жекпе-жек жауынгері Еркебұлан Тоқтар інісі Әділ Тоқтарға өзінің көлігін сыйға тартты, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

Актер осыған дейін сатылымға шығарған Геленваген көлігін сатпай інісіне сыйлауға шешім қабылдағанын айтты. Осы арқылы ол өзінің барлық бастамаларын қолдап, еңбек етіп жүрген інісін қанаттандырғысы келген.

«Көлікті сатамын деп ойлаған кезде, екеуміз екі Геленге отырып, айдап бара жатқанда, көліктің саған қалай жарасып тұрғанын көрдім де, Құдайдан «егер маған қазір керек ақшамды басқа жолмен табуға мүмкіндік берсең, ініме осы көлікті сыйлаймын» деп сұрадым. Ертесінде бірнеше жобамен келісімге келіп ақша өзі-ақ келді», – деді актер.

Осыған дейін ол өзіне жаңа Геленваген алып, қарыздарын жабу үшін және жаңа спорт залына ақша керек болғандықтан ескі көлігін сатылымға шығарған еді.

Еске салайық, 28 тамызда Еркебұлан Тоқтар кәсіби бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізіп, өзбекстандық «Ханзаданы» нокаутпен жеңген. 

Сондай-ақ оқыңыз