
Фото: коллаж, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Түрік актрисасы Афра Сарачоглу прокуратура танымал тұлғаларға қатысты жүргізіп жатқан тыйым салынған заттарға байланысты тергеу аясында ұсталды, деп хабарлайды Kursiv Media.
Тергеуді Бакыркой прокуратурасы жүргізіп жатыр. Оның аясында Түркияның кино, музыка, бизнес және әлеуметтік желі салаларындағы бірқатар танымал өкілдер ұсталып, олардың үйлерінде тінту жүргізілген.
Бұған дейін прокуратура тергеу барысында кейбір күдіктілердің есірткі немесе психобелсенді заттарды қолдануы, оларды қолдануға жағдай жасауы немесе мұндай заттарды пайдалануға орын ұсынуы мүмкін екенін көрсететін деректер алынғанын хабарлаған.
Тергеу шаралары аясында күдіктілерден тиісті сараптама жүргізу үшін биологиялық үлгілер де алынуы мүмкін.
Haber Global хабарлағандай, Афра Сарачоглудан бөлек, ұсталғандар қатарында актерлер Арас Булут Ийнемли, Мелис Сезен, рэпер Sefo және басқа да танымал тұлғалар бар екенін хабарлады.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Айта кетейік, тергеу аясында ұсталу адамның кінәсі дәлелденді дегенді білдірмейді.
Түрік прокуратурасы есірткі ісі бойынша жұлдыздардың тест нәтижесін жариялаған. Сондай-ақ Түркияда есірткі ісі бойынша Көсем сұлтан рөліндегі жұлдыз да ұсталған.