Санжар Әділов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жарияланды 21 Қыркүйек 2026 08:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: Владислав Семенов / Olympic.kz

Қазақстандық ММА шебері Санжар Әділов Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғады. Жартылай финалла қазақстандық спортшы Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен кездесті. Тартысты жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталып, Әділов финалға шыға алмады.

Осылайша, Санжар Әділов жарысты қола жүлдемен аяқтап, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.

Айта кетейік, Айчи-Нагоядағы Азия ойындары Жапонияда өтіп жатыр. Қазақстан алғашқы күні төрт алтын, екі қола медаль алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз